Қарағандыда өткен халықаралық олимпиадаға қатысу

Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының студенттері 25-26 сәуірде Қарағанды қаласында Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-дің базасында өткен шетел тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейді көрсетті. Болатов Ақан, Қадырбекова Айғаным, Абишева Сара сынды студенттер ағылшын тілінен олимпиадаға қатысты, ал Темірханова Аяжан, Вебер Валерия, Қыдырбаева Назерке қытай тілінен өз білімдерін көрсетті, Медьянова Мадина болса француз тілін меңгергенін танытты, ал Омар Фатима мен Амангелді Кәмила неміс тілінен сайысқа түсті. Команданың жетекшісі п.ғ.м., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы шетелдік және қазақстандық модераторлар ұйымдастырған шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемесі бойынша мастер-класқа қатысты.

Халықаралық олимпиаданың бағдарламасы әртүрлі елдерден, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытайдан келген студенттерге шетел тілдері аясында өздерінің білімдерін көрсетуге және халықаралық байланыста тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Олимпиадаға 8 шетел университетінің және Қазақстанның 26 ЖОО-ның студенттері қатысты.