Alma Materге «Қош келдіңіздер!»

9-10 қыркүйекте 1-курс студенттері мен институт әкімшілігінің дәстүрлі кездесуі өткізілді. Кездесу кезінде студенттер кредиттік оқыту жүйесі, жоғары білім, ЕАГИ тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеу, студенттердің кодексінің ережелері туралы, жоғары оқу орындарындағы білім процесінің ерекшеліктерімен таныстырылды. Бірінші курс студенттері сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.