Алғыс күніне арналған кураторлық сағат

2019 жылдың 1 наурызында ИЯК-16-02 тобында Алғыс күніне арналған кураторлық сағат өтті. Топ кураторы Дүйсек Түлек студенттерді осы мерекенің шығу тарихымен таныстырды. Студенттер осы тақырыпқа презентация дайындады және осы күнді Қазақстанның барлық халықтары достығының символы, қазақ халқының қонақжайлылығының көрсеткіші екендігін айтты.