Академик С.Б.Бәйішевтің 110-жылдығына арналған дөңгелек үстел

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы 09.10.2019ж. академик  С.Б. Бәйішевтің 110-жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

С.Б.Бәйішевтың  ғылыми және қоғамдық қызметі туралы каф. меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тажбенова Г.Д. сөз сөйлеп дөңгелек үстелді ашып берді.

Академик С.Б.Бәйішевтің экономика ғылымындағы орасан зор ролі мен еңбектерінің маңыздылығы туралы т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов және т.ғ.к., профессор А.Ж. Ахметов өз ойларын ортаға салды.

Академик С.Б.Бәйішевтің өмірі мен қызметі туралы, қызмет бабында алған тәлім-тәрбие жайында  э.ғ.к., профессор М.Ы. Жүкібай баяндамамен таныстырып, естеліктерімен бөлісті.