«Қайырымдылық күні» акциясы

2019 жылдың 9 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Жандос Ақтаев, Гүлім Айдарбекова (ЮК-17-01) және Нұрлан Өмірзақ (ИЯК-17-01) «Қайырымдылық күні» акциясын өткізді. Жастар жасы үлкен адамдарға азық-түлік табыстап, жинастыру жұмыстарын жүргізді. Студенттердің ойынша, жақсылық жасау қиын емес, соның өзі біздің әлемімізді мейірімді және адамгершілікке толы етеді.