АҚЫНДЫҚ – ХАЛЫҚ ГЕНІНДЕГІ АСЫЛ ҚАСИЕТ

20 сәуір күні «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігінің және ҚТӘ-14-01 тобының студенті Оразов Жомарттың ұйымдастыруымен «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, айтыскер ақын Жандарбек Айтақынұлы Бұлғақовпен кездесу кеші өтті. Кеш барысында бүгінгі қоғамда қордаланып қалған жастар мәселесі, бүгінгі айтыс өнері жайлы жан-жақты сөз қозғалып, қонақ студенттермен сұрақ-жауап арқылы пікір алысты. Бұндай іс-шара «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігінде дәстүрлі түрде өтіп тұрады.