Аға оқытушысы Болатбекова Н.Ж. біліктілікті жетілдіру курстарында белсене ат салысты

Аға оқытушысы Болатбекова Н.Ж. «Аула және әскери-патриоттық клубтарының білім беру процесіндегі заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курстарында белсене ат салысты

2019 жылдың 28 қазан – 6 қараша аралығына  Нұр-Сұлтан қаласы А. Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназиясында  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Аула және әскери-патриоттық клубтарының білім беру процесіндегі заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курсы бойынша Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының аға оқытушысы Болатбекова Н.Ж. бірнеше тақырыпта шеберлік – сыныптарын өткізіп, белсене ат салысты.