9 мамыр Жеңіс күніне арналған ашық кураторлық сағат

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы 03.05.2019ж. 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған 5В050900-«Қаржы» мамандығының студенттері арасында ашық кураторлық сағат өткізді.  Кураторлық сағатта

Ұлы  Отан соғысында  ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы туралы Ф-18-01 оқу тобының студенті Тулегенова Амина баяндама жасады.

Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер Ұлы Отан соғысына қатысқан: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов туралы мәліметтермен танысып, бейнеролик тамашалады.