Астанада Универсиада басталды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 12 ақпанда Назарбаев Университетінде ЖОО студенттері арасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Универсиаданың басталғандығы туралы хабарлады. Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (қыздар), шорт-трек, шағын футбол (қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (ұлдар), стритбол (қыздар) және үстел теннисі сынды спорттың 18 түрінен сынға түседі. Еуразия гуманитарлық иститутының ұлдар командасы волейболдан Астана Университеті командасымен жарысып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.